Жаңалықтар Жергілікті

Сарыағаш: БҰ ДА БІР СҮННЕТ…

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у балаларға суда жүзуді және садақ атуды үйретуді өсиет еткен. Жаугершілік заманда ерекше көңіл бөлсе де, шынығуда мұнымен шектеліп қалу шарт емес.

Алла Тағала саламатылықты сүйеді. Денсаулық – әр адамға берілген Жаратқан Иеміздің аманаты.

Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық мешітінің діни сауат ашу курсында 40 шақты шәкірт оқиды. Жаз оларға суда жүзуді үйренуге де қолайлы мезгіл.

Ұстаздары шәкірттерді ашық бассейнге алып барды. Ойын баласы тосынсыйға қуанып қалды.

Ата-ана Алла Тағаланың алдында әр перзенті үшін жауап береді. Имандылық – бірінші сұралатын тәрбие.

Сарыағаш аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу