Жаңалықтар Жергілікті

Сарыағаш ауданында Мəуліт қорытындыланды

Биылғы жылғы Мәуліт мерекесі Сарыағаш ауданында кең көлемде аталып өтуде. Бұл мереке Жылға, Дербісек ауылдарында да жалғасын тапты.

Аудан имамы Берік Қалдаров Пайғамбарымыздың (с.а.у) өнегелі өмірінен өрнектер келтіріп, мәуліт мерекесінің мәні мен маңызы туралы кеңінен түсіндіріп берді.

Мерекелік іс-шараның жоғары деңгейде атап өтілуіне өзіндік үлесін қосқан «Санай ата» мешітінің имамы Орал Сманов жиналған қауымға ризашылығын білдіріп, Шымкент қаласынан арнайы келген «Асыл-мұра» өнер орталығының өнерпаздарына алғыс айтты.

Мерекенің соңында мешітте халыққа дастарқан жайылды.

Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу