Жаңалықтар Жергілікті

САЛ БАЛАЛАРҒА…

Бас аман, бауыр бүтін, қол-аяқ сау болса, жалпы әрбір күніміз бен деніміз үшін шүкіршілік етіп жүрген жақсы. Мүгедек сауға, кедей байға сабақ болуы тиіс.

Біреудің кемістігіне күлмей, оған көмектескен абзал. Кембағал баласы немесе ата-анасы бар отбасылар жоқ емес.

Қандай болса да, олар да қоғамның бір мүшесі, адам баласы. Адамдарға мейірім танытпағанға Алла Тағала да мейірімін төкпейді.

Сал ауруының емі ауыр. Аяқ-қол жазылып, ақыл-ес орнына келу үшін ұзақ мерзімді ем әрі процедура қабылдайды.

Арнайы құрылғылар қажет болады. Ал, оған екінің бірінің қолы жетпейді.

“Қызылқия” мешітінің жамағаты және жергілікті кәсіпкердің демеушілігімен бір үйдің дцп дертіне шалдыққан екі баласына арнайы құрал тарту етілді. Құны 300 мың тұратын орындық пен ойыншық, тәттілер де берілді.

Мешіт имамы демеушілерге ризашылығын білдірді. Алла Тағала балаларды дертінен Сауықтырсын, бақ-береке, амандығын Берсін!

Қазығұрт аудандық орталық мешіті

Пікір жазу