Жаңалықтар Жергілікті

САҒЫНА КҮТЕМІЗ…

Мұхаммед-Мұстафамен с.а.у жәннатта жүздесуді армандамайтын мұсылман жоқ шығар. Ендеше мақсатымыз соған жету болсын.

Пайғамбарымызға с.а.у салауат айтуды күнделікті жалғастырайық. Салауат – барлық жақсылықтарға сеп болады.

Кентау қаласына қарасты мешіттердің бәрінде Мәуліт оқылды. Жамағаттар жарыса мерекеледі.

Кентау қалалық орталық мешітінде Сүннет Матқасымов мәуліт жырын оқыды. Шүкіршілікке дастархан жайылды.

Достық ауылдық мешітінің молдасы Абдуман Исаханұлы жергілікті жұртшылықпен жұмылып Мәуліт мерекеледі.

 

Теке ауылдық “Қалымбет ишан” мешітінде Көбек Мәкәлімнің ұйымдастыруымен Мәуліт өтті.

“Әбдімәлік ата” мешітінің имамы Хәкімжан Мухриддиннің ұйытқы болуымен Ынтымақ ауылының жамағаты да Мәуліт оқудан шет қалмады.

Шорнақ ауылдық округіндегі “Сунақ ата” мешітінің молдасы Төрехан Абдуразақовтың ұйымдастыруымен Мәуліт өтті. Құшата ауылдық “Мұхаммед Шүкір ата” мешітінің имамы Сүннет Матқасымов Мәуліт оқып, насихат айтты.

С.Қожанов ауылында жаңадан мешіт бой көтеріп жатыр. Құрылыс барысымен танысуға барған қаланың бас имамы Ғалымжан Айекеев Мәуліт мерекесіне де қатысып, жамағатты құттықтады. Қонаққа ұлт зиялысы Сұлтанбек Қожановтың немересі де келді.

Кентау қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу