Жаңалықтар Жергілікті

САҚТАНУ ҮШІН САҚТЫҚПЕН БЕРДІ

Қазір болып жатқан апаттарды Алла Тағаланың жазасы екенін иманды жұрт түсініп жылап жүр. Жер бетінде күнә көбейгендіктен бүтін ел болып сыналып жатқан жерлер бар.

Хақ Тағала қасиетті Құранда қандай қауымдарға қаһарын төгетінін нақты айтқан. Ел-жұртты жаппай имандылыққа шақырамыз.

Ешбір қателік істемесе де бес парызын орындамайтын адамдар Алла Тағаланың алдында күнәһар саналады. Сол сияқты бес парызын орындап жүрсе де күнәлі істерді істейтіндер де күнәһарлардың қатарына жатады.

Өйткені Алла Тағала қасиетті Құранда діннен мүлде бейхабар адамдардан діннен хабары барларға қатаң ескертулер берген. Шариғат неден тыйса, содан тиылған жөн.

Апаттардың бәрі адамдардың айыбынан. Қасиетті Құранда әркімнің күнәсіне қарай жазасын тартатынын ескерткен.

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у күнәдан арылу мен бәледен құтылудың жолдары ретінде тәубе, кешірім, құлшылықтарды атаған. Ал, садақаның Алла Тағаланың ашуын қайтаруға сеп болатынын айтқан.

Көкарал ауылының төбе биі Төребек Құжымов “сақтансаң сақтаймын” дегеннің сақтығын атқарды. Коронавирусы бар, басқасы бар ауылдан аулақ болсын деп Рахманның разылығы үшін 3 жасар түйені құрбандыққа шалды.

Түйе еті 24 отбасыға таратылды. Алла Тағала разы Болсын, қабыл Етсін, берекесін Берсін!

Ордабасы аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу