Жаңалықтар Жергілікті

СҰРАП ҮЛГЕРДІ…

Әр-Рахман, Әр-Рахим, Әл-Ғаффар, Әл-Ғафур – Жаратқан Жаббар Иеміздің кешірімді, мейірімді сипатындағы көркем есімдері. Алла Тағала кешірім сұраушылар мен тәубе етушілерді жақсы көреді.

Күнәлар үшін Хақтан кешірім сұрау әрі тәубе ету өз алдына бір амал. Бұдан бөлек адамдардың бірін-бірі кешіруі тағы бар.

Алла Тағала қасиетті Құранда: “Әй, мүміндер! Сөзсіз әйелдеріңнен балаларыңнан өздеріңе дұшпан болатындар да бар. Олардан сақсыныңдар. Егер оларды кешірім етсеңдер, шығыссаңдар, жарылқасаңдар, шәксіз Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейірімді”- деген. Сондай-ақ, бала-шаға, ағайын-туыс, дос бәрі бұ сынақ екені де ескертілген.

Келіншектер көбінесе ерін өкпелетіп алып, кешірім сұрамай татуласып жүре береді екен. Ал, азаматтардың көңілінде кірбің қалып кететін көрінеді.

Пәленбай жыл өтсе де, әйтеуір бір отағасынан отанасы алғаш рет кешірім сұраса, мәз болатындарын айтады. Күйеуін ренжіткен әйелдің құлшылықтары қабыл болмайды деген.

Ал, енді кімді болмасын ренжітіп алғанда, бірінші болып кешірім сұраған адам сауапқа батады. Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у тіл апатының салдарынан тозақта әйелдерді көбірек көргенін айтқан.

Ең абзалы ешкімді ренжітпеу және ешкімге ренжімеу. Ренжітсе кешірім сұрау, ренжісе кешіру жақсы әдет.

Хадистерде кешірім бергендердің Алланың Өзі ұлық ететіні, ал, кешірмейтіндердің күнәға бататыны айтылған. Сондықтан Рахманның разылығы үшін кешіріп, садақа бергендей сауап алуға шақырамыз.

Ал, енді ерлі-зайыптылар бір-біріне мейірім танытса, Хақ Тағала да оларға мейірімін түсіреді. Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у жұбайлардың бейбіт мәміледе болуын бұйырған.

“Әйел әдемі – әдебімен” рухани сұхбатында ерінің ризашылығын алып, жәннаттық жар болудың жолдары үйретіледі. Әр кездесуде әйелдерге күйеуінен кешірім сұрауға кеңес беріледі.

Бір апа сұхбаттан соң, үйіне барған бойда отағасынан кешірім сұраса, “Сені енді күнде мешітке жіберіп тұрам” деп риза болыпты. Арада көп ұзамай әлгі кісі дүниеден озып кетіпті.

Апамыз бізге ризашылығын білдіріп, марқұм жолдасынан кешірім сұрап үлгергенін айтып көзіне еріксіз жас алып қалды. Алла Тағала жарына рақым Етсін, жәннатта Жүздестірсін!

Кезекті кездесу Жетісайда өтті. Алла Тағала мешітке келіп, рухани азық алған қыз-келіншектерге разы Болсын, сауаптан Жазсын, қайырын Берсін!

Жетісай аудандық орталық мешіті

Пікір жазу