Жаңалықтар Жергілікті

РИЗАБЕККЕ РИЗА БОП…

Құран – екінің бірі оқып, ойға шала тоқып алатын жай кітап емес. Құран – Хақтың нақ сөзі.

Сондықтан да Құранның мазмұнын ұғынып алу керек. Ол үшін тәпсірімен танысқан абзал.

Өкінішке қарай, бұ күнде Құранның үкімін жойған аяттарын алға тартып, кертартпа әрекет етіп жатқандар бар. Ондайлар тәпсірге терең үңілмей, аятты тура мағынасында түсініп адасып жүр.

Алла Тағала қасиетті Құранда ғалымдардың дәрежесі жоғары екенін атап өтіп, білмегендерді білім иелерінен сұрауға бұйырған. Ал, әлгі шейх-сымақтар жақтастарының сауатсыздығын пайдаланып, санасын улап қояды.

Құранды тәпсір ілімін игергендер бүге-шүгесіне шейін түсіндіріп бере алады. Сондықтан Құран әліппесінен бастап, дінді тек ресми мешіттер мен медреселерден үйренуге шақырамыз.

Ордабасыда оқу-ағарту ісі жалғасып жатыр. РАНТ мүшесі Ризабек Баттал “Жолдас молда” мешітінде жамағатпен жүздесті. Құран тәпсірі насихат айтылды.

Жамағат Ризабек ұстазға ризашылығын білдіріп тарқасты. Алла Тағала разы Болсын, дінімізді Кемелдендірсін!

Ордабасы аудандық орталық мешіті

Пікір жазу