Жаңалықтар Жергілікті ЗЕКЕТ

ӘРЕКЕТКЕ БЕРЕКЕТ ДЕП…

Биыл зекет парызын насихаттауға басымдық берілген жыл. Зекет – парыз болса да, өтемей жүргендер көп-ақ.

Түркістан облысында зекет дәрістері тұрақты жолға қойылған. Онлайн сабақ өз алдына, кәсіпкерлермен арнайы кездесулер өткізіліп келеді.

Шардарада алғаш рет зекет өкілі кәсіпкерлермен жүздесіп, шаруашылық нысандарын аралап, буклеттер таратты. “Керуен” сауда орталығының басшысымен танысып, қайырымдылық шараларына үлес қосып жүргені үшін ризашылығын білдірді.

Еркін Полатов ауыл имамдарына зекет дәрісін оқыды. Зекет парызын кеңінен насихаттап, кәсіпкерлерді Аллаға борышкер болудан сақтандыру тапсырылды.

Зекет – бес парыздың бірі. Ал, парыздың қазасы амал дәптерінде қарыз боп жазылады.

Зекет төлеп әрекет етсеңіз, шәксіз береке табасыз. Алла Тағала баршасына разы Болсын!

Шардара аудандық орталық мешіті

Пікір жазу