Жаңалықтар Жергілікті

РЕҢІ КІРІП, ІШІ ЖЫЛЫП…

Шардара аудандық мешітінің реңі кіріп, іші жылып қалды. Бас имам Марат Асановтың ұйымдастыруымен жамағаттар мен кәсіпкерлер мешітті күрделі жөндеуге кірісті.

Былтыр 23 млн теңгеге мешіт сырты әспеттелді. Діни сауат ашу курсының оқу ғимаратының іргетасы құйылды.

Бәрін айт та, бірін айт, мешітке “ақылды пеш” орнатылды. Сөйтіп, электр энергиясына мәжбүрліктен арылды.

Аудан имамының айтуынша, шығын айтарлықтай азайған. Бұрын жылуға айына 500-600 мың төлесе, қазір, небәрі 100 мың теңгеге көмір жағылып жатыр.

Құны 560 мың теңге тұратын “ақылды пешті” демеушілер арнайы Тараз қаласынан тапсырыспен алдырды. Бір тәулікте 6 шелек көмір жұмсалады.

Марат Асанов мешіттің жалпы жай-күйін түзеуге жәрдемдескен азаматтарға алғыс айтады. Алла Тағала баршасына разы Болсын,, бақ-береке, қайырын Берсін!

Шардара аудандық орталық мешіті

Пікір жазу