Жаңалықтар Жергілікті

ҚҰРБАН ШАЛА АЛАДЫ, ЕГЕР…

Құрбандық шалу аясында қоғамда пікір-талас туындап кетті. Онлайн тапсырыс беру жыл сайын жиылып шалатын жандарға арналған.

Ал, ниет еткен азаматтар өз үйлерінде жеке дара құрбандық шала алады. Алайда, санитарлық талаптар сақталуы тиіс.

Сондай-ақ, айттап шығуға, қонақ шақыруға тиым салынып отыр. Тек отбасымен атап өтуге шариғатта да мүмкіндік берілген.

Түркістан облысында рұқсат етілмеген орындарда мал союға, автокөліктерде және жеке үйлерде мал сатуға тиым салынған. Өйткені мұндай жерлерге сатып алушылар жиылады және кез-келген жерде сойылған малдың орнын тазалық сақтала бермейді.

Елде боп жатқан жағдайға байланысты биылғы айттық шараларды да онлайн жүйеге сәйкестендіруге мәжбүр болдық. www.qurban2020.kz. сайтына құрбандық шалуға да, етін таратуға да өтініштер қабылданды.

Алайда берушіден алушы он есе көп боп тұр. Онлайн тапсырыспен сойылған малдың еті шын мұқтаждарға таратылады.

Сэс мамандары тасымалдауда да санитарлық талаптарды сақтауды сұранады. Облыстық мешітте өткен жиналыста осы мәселелер сөз болды.

Облыс имамының орынбасары Жүсіпбек Қасымбеков мамандарына имамдар тарапынан халықтың хабардар етілгенін, құрбан айтқа дайындық жүргізіліп жатқанын айтты. Жамағаттарды тәртіпке бағынуға шақырамыз.

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу