Жаңалықтар Жергілікті

ҚҰРАН ОҚЫҒАН ОЗАР…

Құран оқу мен жаттаудың сауабы мен қайырын сөзбен жеткізіп тауыса алмайсыз. Құранға жақын адамның өзі түсінеді, ғажап кітаптың нығметі мен хикметін.

Қазір Құран оқымақ тұрмақ, асық ойнайтын бала аз. Телефонға телміріп, ойын қуғаны көп-ақ.

Телефон – тоздырады. Құран бәрінен оздырады.

Сондықтан балаларды мешітке әкеліңіз. Екі дүниеңіз үшін қайырлы амалдарды үйретіп жібереміз.

ДСАК шәкірттері арасында Құранға ден қойғандарын ынталандыру жұмыстары жүргізіледі. Құран жарыстары ұйымдастырылады.

Ал, ұстаздарға қарилар даярлау бір міндет. Өкінішке қарай, Құранды бастап, тастап кететіндер азаймай тұр.

Арыс ауылдық округіне қарасты ДСАК шәкірттері Құран жарысқа түсті. Бұл жолы тек 1 парадан өтті.

Қатысушылардың бәріне бірдей сыйлық берілді. Алла Тағала демеушілерге берекесін Берсін, баршасына разы Болсын!

Сайрам аудандық орталық мешіті

Пікір жазу