Жаңалықтар Жергілікті

ҚҰРАН БАТАСЫН ҚАЙЫРДЫ

Бүгін аурудан қаза болғандарды жалпы ұлт болып аза тұтып жатыр. Түркістан облысы бойынша дүние салғандардың қатарында имамдар мен ұстаздар да бар.

Өзекті жанға өлім бар. Бұл туралы қасиетті Құранда бірнеше аяттарда баяндалған.

Марқұмдарға арнап Құран оқып, олардың атынан садақа беріп, сауабын бағыштап, Рахман Иемізден рақым тілеуден артық қолдан келер қайран жоқ. Алла Тағала аурудың бетін қайтарып, ел-жұртымызды аман Сақтасын деп тілейміз.

Бүгін еліміздің барлық мешіттерінде Құран оқылды. Қатым дұғасы Түркістан облысы бойынша да қайырылды.

Облыс имамы Мұсабек Ақтамберді бастаған өкілдік қызметкерлері Құран дұғасын марқұмдарға бағыштады. Қапияда жақындарынан айырылып қалған отбасыларға көңіл айтты.

Алла Тағала марқұмдардың алдынан Жарылқасын, баршасына рақым Етсін, науқастанып жатқан жандарға шипасын, баршамызға амандығын Берсін!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу