Жаңалықтар Жергілікті ЗЕКЕТ

Рамазанның ризығы таусылмайды…

Рамазан – сауапты әрі құтты ай. Отыз күн бойы ел мешіттері жомарттық еткен азаматтардың аманатын үлестіруден шаршамады.

Рамазанның ризығы соңғы күніне шейін таусылмады. Бүгін де қайырымдылық жалғасын тапты.

Сарыағаш аудандық орталық мешітінде “Рамазан – мейірім, шапағат айы” атты шара өтті. 150 отбасыға көмек берілді.

Ауданның бас имамы Тұрлыбек Төлебек жиылған жұртшылықты Ораза айтымен құттықтады. Қайырымдылыққа жаны құмар азаматтарға алғыс білдірді.

Сарыағаш аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу