Жаңалықтар Жергілікті

ПЛАНШЕТ СЫЙЛАДЫ

Онлайн оқуға қажетті жабдықтармен де жәрдемдесу үшін имамдар барын салып қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жатыр. “Мектепке жол” акциясы мектептер жабық болса да жалғасуда.

Мақтаарал ауданы имамдарының ұйытқы болуымен демеушілер табылып, акциядан шет қалмады. Жангелді Әбілов атты азамат 700 мың теңгеге 11 планшет алып берді.

Ал, имамдар жамағаттардың жәрдемімен 9 балаға мектеп формасын сыйлады. Олардың бәрі биыл бірінші сыныпқа барған оқушылар.

Аудан имамы Бауыржан Паташов көмек көрсеткен азаматтарға ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, берекесін Берсін!

Мақтаарал аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу