Жаңалықтар Жергілікті

ПАРА-ПАР ІС…

Садақа ету – Алла Тағалаға қарыз берумен пара-пар сауапты іс. Тек сауапты емес қайтар қайыры мол амал.

Хақтың алдында мұсылманның да, еместің де атқарған жасаған жақсылықтары амал дәптеріне жазылады. Егер міндетсінбесе, сауабы сақталады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у: «Кімнің садақасы ең жақсысы?» – деп сұрады. «Ең жақсысы кедей адамның берген садақасы және ең алдымен өзінің жақын адамына берілсе» – деген. Сізге ет жақыннан ең жақыны – көршілеріңіз.

Көршінің ақысы ақыретте сұралады. Жақын жерде көршіңіз қиналып жатқанда, алыстағыны жарылқау қисынсыз.

Сондықтан қоңсықонған көршілеріңіздің қал-жайын біле жүріңіз. Қиналып жүргендеріне көмек беріңіз.

Жібек жолы ауылдық округіне қарасты “Расул қожа” мешітінен 7 отбасыға азық-түлік берілді. Жамағаттың аманатын Ерғали Төребеков жеткізді.

Аз да болса барымен бөлісе білетін жомарттарға ризашылығымызды білдіреміз. Алла Тағала баршасына разы Болсын, қайырын Берсін!

Сарыағаш аудандық орталық мешіті

Пікір жазу