Жаңалықтар Жергілікті

Отырар: ШАРУА ШАШ ЕТЕКТЕН АСАДЫ …

Дін насихатын күшейту күн тәртібінен түспейтін мәселе. Адамдарды бақытты әрі жайлы өмір сүруге жеткізетін шарттың бәрі шариғатта қамтылған.

Дәстүрлі дініміз кең тараса, жастың да, жасамыстың да жағдайы жақсарып, тіршіліктің оңалатынына шүбә жоқ. Ізгілікке шақыруда имамдардың атқаратын шаруасы шаш етектен асады.

Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар түзіп, жүйелі түрде жұмыс істеу керек. Дін қызметкерлерінің мойнынан қауымды жақсылыққа үндеу міндеті түспейді.

Бұл туралы Отырар аудандық орталық мешітінде өтіп жатқан “Ізгілік бастауы – жақсылыққа үндеу” тақырыбындағы семинарда айтылуда. Келелі кеңеске РАНТ мүшесі Асқар Мұқанов арнайы келді.

Имамдық қызметтің сауабы да мол, машақаты да көп екенін айтты. Десе де әріптестеріне Алла Тағаланың алдындағы жауапкершіліктерін еске салды.

Өкіл имам Мұсабек Ақтамберді бұқарамен байланысты бекемдеу қажеттігіне тоқталды. Аудан имамдарын ширақ іске көшуге шақырды.

Отырар аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу