18.5 C
Turkestan
Сәрсенбі / 20 Наурыз 2019 / 13 Раджаб 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 20 Наурыз 2019 / 13 Раджаб 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Отбасылық сот болады…

Сарыағаш аудандық соты ажырасулардың алдын алу мақсатында “Отбасылық сот” атты қанатқақты жобасын бастады. Осы мəселені талқылауға арналған дөңгелек үстелге аудан имамдары да шақырылды.

Аудандық сот төрағасының айтуынша бұл жоба ерлі-зайыптылар арасында туындайтын дау-жанжалды сотқа жеткізбей шешуга сеп болады. Бұл істе ауыл билері мен əжелер жəне əйелдер кеңесінің, сондай-ақ, дін өкілдерінің орны ерекше.

Бəлкім, жұбайлар ашу үстінде сотқа арыздана салмай, бітімгершілікке шақырғандардың уəжіне тоқтап райынан қайтатын шығар. Насихатты күшейтсе, отбасы құндылықтарын сақтауға деген жауапкершілік те күшейетініне сенім мол.

Ауданның Бас имамы Тұрлыбек Төлебеков отбасы Алланың аманаты, ерге де, əйелге де некені мүмкіндігінше бұзбауға тырысуы керек, əр талақтың көп жауабы барын ескертті. Адамдар бір-біріне сынақ. Сондай сынақтардан өтуге біздің үйленгендердің сабыры жетпей, үй болмай тұрып ажырасып жатқанына қынжылыс білдірді.

Қанатқақты жоба жиылғандардан қолдау тапты. Əр адам өз-өзіне сот болып, істеген ісін таразылап тұрса, отбасыда да араздық тумас еді. “Отбасылық сот” екі жастың некесін сақтап қалуға пайдалы болады деген ойда екенін айтты, дөңгелек үстелге жиылғандар.

Сарыағаш аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Бейбітшілікті бағалай білейік!

Yassi.kz

Ұлыстың татутылықты арттыратын ұлы күні!

Yassi.kz

Ауданаралық Құран жарысы өтті

Yassi.kz

Пікір қалдыру