29 C
Turkestan
Сейсенбі / 20 Тамыз 2019 / 19 Зул-Хиджа 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сейсенбі / 20 Тамыз 2019 / 19 Зул-Хиджа 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Ордабасы: Тəртіпсіз бала қылмысқа бейім келеді

Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елеңдетіп отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз.

Ордабасы ауданына қарасты 5-6 мектепте осы тақырыпта кездесулер өтті. Оқушылар мен ата-аналарға құзырлы мекеме қызметкерлері дұрыс тəрбие турасында айтты.

Жастар арасындағы қылмысты тию үшін ата-аналар балаларын тəрбиелеуге уақыттарын қию керек. Психологтар əке-шеше мейіріміне зəру перзенттердің қатыгез боп өсетінін айтады. Ал, қатыгездік агрессияға тап қылады. Оның соңы əлімжеттікке, бұзақылыққа, қылмысқа əкеп соқтырады.

Жиынға қатысқан жастар секторының жетекшісі Қайрат Дәрібаев шариғат тұрғысынан ата-ана мен баланың міндеттерін, сондай-ақ, бір-бірін қадірлеудің хикметін айтып берді. Оқушыларды перзенттік парыздарын адал жəне ақылмен орындауға шақырды.

Ордабасы аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

Yassi.kz

ҚҰРАН БҰЛБҰЛДАРЫ…

Yassi.kz

ЖАНТ: ЕКПЕГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН

Yassi.kz

Пікір қалдыру