-1.6 C
Turkestan
Сәрсенбі / 20 Ақпан 2019 / 15 Жумад ас-сәни 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 20 Ақпан 2019 / 15 Жумад ас-сәни 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Ордабасы: Сабыр деген əр іске шыдамдылық…

 

Болған іске болаттай болмасаң, басыңды тауға да, тасқа да соққаннан пайда жоқ. “Адам үш күннен кейін көрге де үйренеді” деп қазақ атамыз сабырсыздықтан сақтық үшін айтқан.

Алла Тағала қасиетті Құранда сабырлылармен бірге болатынын баяндаған. Сабырдың түр-түрі бар. Сынаққа сабыр ету – адамға ең керегі.

Басына қайғы түскен жан сол сəтте сабыр ете білсе, көп ұзамай қуанышқа кенеледі. Бір ауыртпалықтың артынан екі жеңілдікке кенеледі. Бұл Алланың уəдесі.

Сабырлық – тақуалық қасиет. “Не жаздым?”- деп Жаратқанды жазғыру дұрыс емес. Құранда жақсылықтың бəрі Хақ Тағаладан екені, ал жамандық келсе өзімізден көруіміз керектігі айтылған. Өйткені күнəсі көп адам тəубеге келмей жүре берсе, бір шығынға ұшырауы мүмкін.

Сондықтан қиыншылыққа тап бола қалған адам шыдамдылық танытып, тығырықтан шығатын жол іздеуі керек. «Сабырлы жетер мұратқа, Сабырсыз қалар ұятқа» дегендейін халықтың нақылына құлақ асып, ашуды ақылға жеңдірген жеңіске жетеді. Сабырлығының жемісін көреді.

Ордабасы ауданы «Жүніс әжі» мешітінде жамағатқа осы тақырыпта насихат айтылды. Мешіт имамы Омар Әлқожа қандай да жағдайда сабыр етудің сауапты екенін де ескертті.

 

Ордабасы аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Шәкірттерді қызметке шақырды

Yassi.kz

Түркістан облысында аттестаттау басталды

Yassi.kz

Зекетін бөліп берді…

Yassi.kz

Пікір қалдыру