29 C
Turkestan
Сейсенбі / 20 Тамыз 2019 / 19 Зул-Хиджа 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сейсенбі / 20 Тамыз 2019 / 19 Зул-Хиджа 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Қолқанаттар қайда екен?

Баяғыда “Тимуршылар” деген көмекші топ болушы еді, шақырмаса да жәрдемге жетіп баратын. Солардан бүкіл жастар үлгі алатын. Қазір шал-кемпірді қолтықтап жолдан өткізбек тұрмақ, қолдағы жүгін көтеріспей жөніне кете беретін, Майқы би бабамыз сипаттағандай кекірейген ұл, бедірейген қыз көп.

Шардарада қиналған жанға қолғабыс етуге аудандық мешіттің бас имамы бастаған жамағат жас күніндегі қолқанаттықтарын еске алды. Олар жалғызілікті ананың үйінің ауласын тазалап, тірлігіне қолғабыс етті. Қарияның жәрдеміне жараған азаматтарға Алла Тағала разы болсын!

Сондай-ақ, “Алатау батыр” мешітінің тазалығына жамағат балаларымен бірге жәрдемдесіп жүр. Рамазан айында отыз күн бойы ауызашар, Тарауиқ намазынан кейін де тазалық керек. Ауыл имамы Әлібек Өмірзақов игі істің бәрі жамағаттың дем беруімен жүзеге асырылып келе жатқанын айтып, алғыс білдірді.

Шардара аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

Yassi.kz

ҚҰРАН БҰЛБҰЛДАРЫ…

Yassi.kz

ЖАНТ: ЕКПЕГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН

Yassi.kz

Пікір қалдыру