Жаңалықтар Жергілікті

ОЛ БІЗГЕ ДОС…

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у үмбетіне жан достан да, туған бауырдан да артық жанашыр болды. Оның с.а.у жанашырлығы қияметте де тоқтамайды.

Әрбіріміз үшін Алла Тағаладан рақым мен разылығын тілей береді. Жәннатқа кірерде де “үмбетім, үмбетім” деп артына қарайлап, үмбетін түгелдеп тұрып алады.

Көзінің тірісінде үмбетін аңсап “бауырларымды сағындым” деген Пайғамбарымыз с.а.у дін бауырлардың шын дос болуларын қалаған. Алла Тағала қасиетті Құранда мұсылмандарды бұ дүниеде пайда үшін дос болғандардың ақыретте қасқа айналатынын айтып, Өзінің разылығы үшін шын дос болуға бұйырған.

Ондай достық пен бауырластық Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафада с.а.у болған. Ал, бізде ше?

Қазір ру-ру, ата-атаға бөліну белең алып барады. Қазақты кезінде ырду-дырду еткен осындай бөлінушілік емес пе?

“Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін” деп қарғаған, бабаларымыз. Ал, Раббысы бір жамағатта бөлінушілік болмауы керек.

Хақ Тағала баршамызды бөлінбей, дінінде болуға бұйырған. Мақтааралдың тілегі мен тірегі бір жамағаты Мәуліт мерекеледі.

Пайғамбарымыздың с.а.у өмірдастаны жырланды. Жетісайлық имамдар насихат айтып, қонақтарға кітаптар сыйға берілді.

Жамағат аяқтарынан тік тұрып салауат айтты. Ақсақалдар ақ батасын берді.

Алла Тағала баршамызды Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у мақтанатындай үмбет етсін! Мәуліттің өтуіне атсалысқан азаматтарға ауданның бас имамы Бауыржан Паташов ризашылығын білдірді.

Мақтаарал аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу