Жаңалықтар Жергілікті

ОЙЫН ТҰРМАҚ…

Бейбіт күнде жұмыс істеп, тыныш жүргенге не жетсін!? Бүліктің кесірінен қанша жұрттың тірлігі тоқтап, мешіт, мектеп, оқу орындары жабық тұр.

Тыныштықтың заты тыныштық. Ұрыс-керіс, дау-жанжал, береке-бірлік жоқ жерде, тіршіліктің баяны болмайды.

Жамағаттар күндіз-түні елге амандық пен тыныштық тілеп дұға етуде. Игі жақсыларымен ауызбіршілікті арттырып, мешіттен тыс жерде достық кездесулер де өткізіледі.

Ал, қазір ойын тұрмақ, намаздың өзі шектелді. Бірдің кесірі мыңға тиді.

“Нұғман” мешітінің ұйымдастыруымен өткен кіші футбол мен үстел теннисінен жарысқа жетісайлық имамдар мен жамағаттар қатысты. Екі ойын бойынша үздіктер марапатталды.

Футболдан:

І-орын – “Әл-Құддыс” мешіті;

ІІ-орын – “Нұр-Жетісай” мешіті;

ІІІ-орын – “Имам-Бухари” мешіті.

Үстел теннисінен:

І-орын: “Нағанай ата” мешіті жамағаты – Алхайыр Жеңіс;

ІІ-орын: “Өткелбай мешіті” имамы – Ербол Шырынхан;

ІІІ-орын: “Өткелбай” мешітінің найб имамы- Ибадулла Байжанов жеңіп алды.

Ауданның бас имамы Жорабай Дулатбаев қатысушыларға ризашылығын білдірді. Жеңімпаздарға алғыс хат пен бағалы сыйлықтарды табысталды.

Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мешіттерде бес уақыт намаз да, Жұма намазы да уақытша оқылмайды. Жоспарланған іс-шаралар да кейінге шегерілді.

Жетісай аудандық орталық мешіті

Пікір жазу