Жаңалықтар Жергілікті

ОДАН ДА…

Жат ағымға еріп адасқанша, спортпен шұғылданған жақсы. Ал, діни сауатты ресми мешіт, медреседе ашу одан да жақсы.

Имамдар жамағаттардың басын біріктірумен бәйек боп жүреді. Түрлі іс-шаралар ұйымдастырумен келеді.

Алла Тағала қасиетті Құранда бөлінбеуге бұйырған. Біреулердің қателіктерінен түрлі ағымдар пайда болған.

Алла – бір, дін – ортақ. Сондықтан тура жолды ұстанып, адаспаудың амалын жасау керек.

Кеңестөбе ауылында ауызбіршілікті арттыру мақсатында волейболдан жарыс өтті. Оған ауыл жастары қатысты.

Аудан имамы Еркін Полатов пен әкім орынбасары Бағдатбек Жанғазиев жастарға сәттілік тіледі. Жарыс соңында жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.

Бәйдібек аудандық орталық мешіті

Пікір жазу