Жаңалықтар Жергілікті

ОҢТАЙЛЫ ШЕШУ…

Жаңаша форматтағы төралқа алғаш рет өтіп отыр. Ол әрбір имамның аяқ-алысы мен жұмыс барысын бақылауға, кемшіліктерді анықтауға, ортаға салып талқылауға әрі оңтайлы шешу үшін керек.

Отырарда 7 бағыттың бірнеше тармағы орындалмай келеді. Бұған не кедергі екені бүгінгі төралқа мәжілісінде белгілі болды.

30 мешіттің имамына жалпылама 15 тапсырма берілді. Әр қайсысының есебі тыңдалды.

Ауыл тұрғындарымен әр имамға топ ашуды “Есен ана” мешітінің имамы Ерлан Киізбаев қадағалап, бір аптада есебін береді. Ауданның іс-басқарушысы Бақыт Әбусейітов мешіт құжаттарын қайта тіркеумен айналысады.

Қайырымдылық мекемесін тіркеу, әйел-қыздар секторын құру, ЖАНТ, онлайн-оффлайн уағыз, ақпараттық кеңістікте белсенділікті арттыру аудан имамына жүктелді. Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов Серғали Байниязовқа бірқатар ескертулер айтты.

Облыстың наиб имамы Самат Анарбаев ауыл имамдарын ауызбіршілікте дінге қызмет етуге шақырды. Іс-басқарушы Мұхаммеджан Естеміров барлық тапсырманың бақылауда тұратынын, келісіде сұралатынын еске салды.


Отырар аудандық орталық мешіті

Пікір жазу