Жаңалықтар Жергілікті

НӘЗІР САДАҚАСЫ…

Нәзір садақа – атап берілетін садақа түрі. Алла Тағала қасиетті Құранда мал құрбандық етілсе, шарттарын баяндаған.

Яғни, нәзір садақа ретінде құрбандыққа мал шалынады. Ол малдың етінен сойған адам бір түйірін де жемей, түгел таратып жіберуі тиіс.

Нәзір садақасы қандай да бір іске тәуекел еткенде немесе басқа түскен нәубеттен құтылу ниетімен беріледі. Құранда жаман күннің жамандығынан сақтану үшін екені баяндалған.

“Ергешбек Нұрлыбайұлы” мешітінің жамағаты нәзір садақасына мал атап сойды. Еті басы-бүтін мұқтаждарға таратылды.

Мешіт молдасы Асылбек Тәжиев жамағатқа ризашылығын білдірді. Алла Тағала қабыл Етсін, қайырын Берсін!

Сайрам аудандық орталық мешіті

Пікір жазу