18.5 C
Turkestan
Сәрсенбі / 20 Наурыз 2019 / 13 Раджаб 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 20 Наурыз 2019 / 13 Раджаб 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Мұсылман – жақсылықтың жаршысы

Мұсылман – жаманаттан таза, арамдықтан ада болуы тиіс. Ондай ұлықтыққа жеткізетін қасиет – көркем мінез бен білім. Білімді Құранда бұйырылғандай білім иелерінен алу керек. Ал, көркем мінез – адам өзін-өзі жақсылыққа бейімдеп, тəрбиелеумен қалыптасады. Хақты танып, тəккаппарлықтан бойын аулақ ұстап, күнəға жоламаған, парыз еткен құлшылықтарды қаза етпей орындап, адалынан ішіп-жеп, жүріп-тұрған мұсылман – шын мұсылман болады.

Мұсылман – бүлікші болмайтын, дұрысты бұрысқа шығармайтын, өзін “бетегеден биік, жусаннан аласа” ұстайтын, бар-жоғы білінбейтін сабырлы болмағы лəзім.

Ислам – бейбітшілік діні. Дін қандай ізгілікке бастаса, мұсылман сол жолдан таймауы тиіс. Өйткені, мұсылман – жақсылықтың жаршысы.

Бүгін Түркістан облыстық мешітінде Ақшам намазынан кейін ҚМДБ Төрағасының орынбасары, ғалым-ұстаз Алау қажы Əділбаев осы тақырыпта насихат айтты. Құптан намазын жамағатпен бірге оқыды. Рухани əңгіме қонақасы дастархан басында жалғасын тапты.

Дін өкілдері мен жамағат арасында ауызбіршілік керек-ақ. Осындай жүздесулер қарым-қатынасты бекемдей түседі. Астанадан арнайы уақыт бөліп келген Алау қажы Шайқымұлына түркістандықтар ризашылықтарын білдіріп тарқасты.

 

ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Бейбітшілікті бағалай білейік!

Yassi.kz

Ұлыстың татутылықты арттыратын ұлы күні!

Yassi.kz

Ауданаралық Құран жарысы өтті

Yassi.kz

Пікір қалдыру