Жаңалықтар Жергілікті

МЕШІТТЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР СЫЙҒА БЕРІЛДІ

Имамдардың ұйымдастыруымен ауруханаларға оттегі концентраты аппараттары да жеткізіліп жатыр. Жалпы қайырымдылық шараларын өткізуден озат екендері рас.

Сауапқа алушыдан гөрі беруші қол зәру. Имамдар шама-шарқы жететіндерді жоқ-жітіктерге көмек беруге шақырып, сауапқа батырып жүр.

“Мұхаммед Шүкір ата” мешітінің жамағаты мен ауыл азаматтары жылу жиып екі бірдей сауапты іс атқарды. Жиналған қаражаттың жартысына мал шалып, жартысына медициналық құрал-жабдықтар алып таратты.

Нәзір садақасына аталған ірі қараның еті 60 отбасыға үлестірілді. Ал, медициналық құрал-жабдықтар жергілікті амбулаториялық пунктке тарту етілді.

Алла Тағала қиналғанда қол ұшын созған жандарға берекесін Берсін!

Кентау қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу