Жаңалықтар Жергілікті

МЕШІТКЕ МАСКАМЕН КЕЛУ КЕРЕК

Бірдің кесірі мыңға тиеді деген бар. Ондайға себепкер болудан сақтанып, мешітке медициналық маскамен келу керек.

Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің бұйрығымен зорға дегенде Түркістан облысының мешіттерінің ашылуына рұқсат берілді. Жамағаттарды барлық талаптарды сақтауға шақырамыз.

Мұсылман адам бір-бірінің айнасы. Мұсылман адам бір-біріне зиян тигізбейді.

Медициналық маска тағып келуге дағдылану керек. Түркістан облыстық мешітіне маскасыз бірде-бір адам кіргізілмеді.

500 адамға маска тегін таратылды. Бұл қайырымдылыққа садақа етілген маска еді.

Облыс имамы Мұсабек Ақтамберді өзі тұрып ұсынды. Алла Тағала мешітке талап орындап келген жамағаттарға разы болсын!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу