Жаңалықтар Жергілікті

Мешіт құрылысымен танысты

Облыс аумағында жаңартылып салынып жатқан мешіттер баршылық. Бəрі де жамағаттың демеушілігімен қайта салынуда.

Көпшілікке қарасты болғандықтан, көбінесе қаражат тапшылық ететіні жасырын емес. Алланың үйінің кем-кетігін бүтіндеп, кірпішін қаласқан жандарға сауап мол.

Мешітке көмектесуден аянып қалмау керек. Алланың жəрдемі əрдайым жақын болады.

Жамағаттың жұмылуымен Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық мешіті де салынып жатыр. Құрылысы былтыр басталған.

Өкіл имам Мұсабек Ақтамберді арнайы барып, танысып қайтты. Əлі де аяқтайтын жұмыстары жетерлік.

Жомарт жандардың баршасын жер-жерде салынып жатқан мешіттерге көмек беруге шақырамыз. Қолқайыры мол жамағатқа Жаббар Иеміз жақсылықтарын жазсын!

Сарыағаш аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу