Жаңалықтар Жергілікті

МЕШІТ АШЫЛАТЫН КҮНГЕ ДЕЙІН

Мешіттер ашылатын күнге дейін карантин талаптарын сақтау міндет. Одан бөлек қыстық қоңнан арылып, тазалық жүргізу қажет.

Леңгір, Алатау, Бірінші мамыр ауылдарындағы 20 шақытты мешіттің қал-жайы тексерілді. Төлеби ауданының Бас имамы Самат Анарбаев әріптестеріне Алланың үйіне өз үйіне жаны ашығандай қарау керектігін айтты.

Айт намазына қатысты талап-тілектерін жаудырып жатқан жамағаттарды түсіністікпен қарауға шақыру қажет. Алла Тағаладан үміт үзбесек, табандылықпен тілесек ол күнге де жетерміз деп жатыр.

Жамағаттардың мың сан сауалына ыждағаттылықпен жауап беру керек. Аудан имамы карантин режимін бақылауда ұстап, мешіт ашылатын күнге дейін көшкен үйге ұқсамай дайындық жүргізуді тапсырды.

Төлеби аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу