Әлем Жаңалықтар

МЕККЕДЕ МИССИЯСЫН ОРЫНДАП ЖҮР

Мүфтияттың миссиялық тобында Түркістан облыстық өкілдігінен Түлкібас ауданының бас имамы енген еді. Мағаз Серікұлы өз міндетін орындап, Меккеде қажылық өтеушілерге дінді насихаттап жүр.

Он күн бойы қажылық парызын дұрыс орындау мен нәпіл құлшылықтар жайында айтылды. Кешелі бері Құран, сүннет және мәзһаб турасы сағаттап насихатталып жатыр.

Меккеге төрт мәзһабты ұстанатындар да, ұстанбайтындар да барады. Бұл насихат миссиясы қазақстандықтарды сақтандыру әрі қажылық компанияларының қызмет сапасын бақылау мақсатында құрылған.

Құрамында ҚМДБ Төрағасының орынбасары Алау Әділбаев, аппарат жетекшісі Ғилымбек Мәжиев, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы бастаған РАНТ және ЖАНТ мүшелері бар. Мағаз Серікұлы қажылардың “Алла Тағала игі істі қолға алған Бас Мүфти Серікбай Ораз Хазіретке разы болсын” деген ізгі тілектерін жеткізіп қалғанын айтты.

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу