Жаңалықтар Жергілікті

МӘСЛИХАТ ҚҰРЫП…

Тыныштық сақтау – мұсылмандық міндет. Әр адам өз нәпсісімен күресуі тиіс.

Дін үшін табандылық таныту, яки, діни білім алу, имандылықты күшейту, тақуалықты арттыруда ерінбеу керек. Кім Аллаға жақын болса, соған дүние жақсылықтары, ризық-несібе артығымен бұйыра береді.

Бір күндік ас-ауқаты бар адам бай саналады. Ал, байлық дін жолында жұмсалмаса, сынаққа айналады.

Мұқтаждықтарды Алла Тағала өтейді. Сондықтан да ең алдымен және үнемі Хақтан тілеу керек.

Дүние – бүлікке бастауға тұрарлық нәрсе емес. Сабырлылық қайырлы қасиет, сабыр ету – сауапты қарекет.

Имамдардың ел игілігі үшін қызметі зор. Алла Тағала дін насихатшыларының соңына еруге, бөлінбеуге, көшеде де, үйде де, мешітте де, жалпы шу шығармауға шақырған.

Шүкіршілік, мешіт жамағаттары ізгілік жасайтын игі жақсылардың қатарында. Әдептен аспайды, кісіге зиянын тигізбейді.

Төлебиде бұқарамен байланыс жолға қойылған. “Бірлігіміз жарасқан!” жобасының аясында рухани тәрбие үздіксіз насихатталып келеді.

Мешіт жамағаттарының ынтымағына тәнті болған мәслихат депутаттары аудан имамына ризашылықтарын білдірді. Өз кезегінде Үсен Сауырбаев имандылықтың арқасы екенін айтып, ауызбіршілікте тіршілік етуге дайындығын жеткізді.

Төлеби аудандық орталық мешіті

Пікір жазу