Жаңалықтар Жергілікті

МҰСАБЕК АҚТАМБЕРДІ: – АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТІ ПАЙДАЛАНА БІЛУ КЕРЕК

“Дала қоңырауы” атанған ағартушы Ыбырай Алтынсарин айтқандай айшылық алыс жерлерден көзді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын озық технологияның заманында өмір сүріп жатырмыз. Қазір әлемнің кез-келген бұрышындағы жұртшылықпен байланысып, үйде отырып құжат рәсімдей аласыз.

Ақпараттық майдан жүріп жатқаны да жасырын емес. Мұның бәрі ақылдың асқандығынан пайда боп жатқан жоқ, қолда бар атрибуттармен уақытты үнемдеу, тірлікті тездетіп аяқтауға мүмкіндік ретінде жасалған тиімді тәсілдер.

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у жиһадтың – насихат екенін айтқан. Бүгінде дін насихаты үшін әлеуметтік желі тиімді болып тұр.

Ел-жұрттың барлығы дерлік интернет ресурстарын пайдаланады. Ал, имамдарға ақпараттық кеңістікті қолдану қызметтік талап деп түсіну керек.

Мешітке жұмасында бір көп жамағат жиналады. Қалған уақытта қаңырап тұрады.

Намазға келмейтіндер де, келе алмай жүргендер де әлеуметтік желіде отырады. Дін қызметкерлерінің ісіне деген негативтер әлі де бар.

Сондықтан атқарып жатқан жұмыстың бәрі насихатталуы керек. Облыс имамы бұл туралы пікірін аймақтық семинарда білдірді.

Мұсабек Ақтамберді:

– Ақпараттық кеңістікті тиімді әрі сақтықпен пайдалану қызметтік іс. Қызметкерлердің жұмысын рейтингтік жүйе кестесімен бағалау тәжірибеде бар, тәсіл. Енді бұл әдіс имамдардың жұмысын бағалауға да енгізілді. Шүкіршілік етейік, облыстық мешіттің жанынан “Yassi.kz” сайты істеп тұр. Алайда, биылғы жылдық есеп дайындау барысында, имамдардың ақпараттық кеңістіктегі белсенділігі көңіл көншітпейтініне көз жеткізіп отырмыз. Келешекте түбегейлі сайт арқылы рейтинг шығаруға көшеміз. Сондықтан өз жұмыстарыңыздың кеңінен насихатталауына күш салуға шақырамын.

Сондай-ақ, интернет желісін дұрыс пайдалану бойынша арнайы тренингтер өткізілетіні айтылды. Аудандарда медиа мәселесіне арналған семинарлар ұйымдастыру жоспарланған.

Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу