11.9 C
Turkestan
Сәрсенбі / 24 Сәуір 2019 / 19 Шағбан 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 24 Сәуір 2019 / 19 Шағбан 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Ұлыстың татутылықты арттыратын ұлы күні!

Самарқанның көк тасы еритін, жердің тоңы жібитін, ренішті жұрт татуласып, бірлігін бекемдеп берекесін арттыратын ұлттық мереке – әз-Наурыз! Қазан-қазан көже пісіріп, кәрі-жас ойнап-күліп, көкпар тартып, күресіп, нағыз ұлттық рухты жаңғыртатын той ғой.

Ұлыстың ұлы күніне арнап “Зекет” қорының Отырар аудандық бөлімі Мақсат Ергубеевтің ұйымдастыруымен дастархан жайылды. Жамағаттың қолдауымен ас басына мұқтаж отбасылар шақырылып, сый-құрмет көрсетілді.

Жиылған жұртшылыққа ауданның бас имамы Серғали Байниязов ынтымақ – шариғат ұстанымдарының негізгі шарттарының бірі екенін, бірлікті елге береке кіретінін, ұрыс болған жерден ырыс кететінін айтып, әрдайым ауызбіршілікте тіршілік етуге шақырды. Алла Тағаланың бүлікші қауымды сүйметінін, бүлік шығарудың адамзатты өлтіргенмен тең күнә болатынын ескертті.

Жаймашуақ күнде шүкіршілік етіп өмір сүру керек. Халықты Наурызбен құттықтап, алғыс білдірді.

 

Ұқсас жазбалар

Талапқа сай…

Yassi.kz

Көк кілемде…

Yassi.kz

Жаңбыр – жердің шегесі…

Yassi.kz

Пікір қалдыру