11.9 C
Turkestan
Сәрсенбі / 24 Сәуір 2019 / 19 Шағбан 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 24 Сәуір 2019 / 19 Шағбан 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Түркістан: Есепке де епті керек…

Түркістанда аудандық орталық мешіттердің есепшілерінің жиыны өтті. Жылдық жоспар бекітілді.

Салық Кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар түсіндірілді. Сондай-ақ, есеп-қисапты дер кезінде жүргізіп, уақытылы тапсыру міндеттелді.

Сондай-ақ, дүкен, дəріхана жəне т.б жерлерде тұрған садақа жəшікшелеріне мешіттердің еш қатысы жоғы айтылды. Олардың бəріне құзыретті органдар тексеру жүргізгелі жатыр.

Негізінен садақа мен зекет Алланың жолында жəне ризашылығын алу үшін берілетін қаржы. Мешітке түскен сондай қаражатты имамдар қайырымдылық шараларына жұмсайды. Алланың үйін күтіп-баптауға да бөлінеді.

Садақа мен зекетті мешіттерге өткізген дұрыс. Өйткені шариғат та ескерілген шарт бойынша шын мұқтажға берілмеген садақаның сауабы болмайды. Ал, мешіттерде тұрмыс-халі нашар жандардың тізімі болады.

Ал, жамағаттың жəрдемге берген қаржысы қашан да бақылауда. Өкілдіктің бас есепшісі аудандық әріптестеріне сәттілік тіледі.

Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Талапқа сай…

Yassi.kz

Көк кілемде…

Yassi.kz

Жаңбыр – жердің шегесі…

Yassi.kz

Пікір қалдыру