29 C
Turkestan
Сейсенбі / 20 Тамыз 2019 / 19 Зул-Хиджа 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сейсенбі / 20 Тамыз 2019 / 19 Зул-Хиджа 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Түркістан: Əділдік сақтау – ардың ісі

Қоғамда ер мен əйел, бала арасында əділетсіздіктердің түр-түрі орын алып жатыр. Оның ең сорақысы – ажырасу.

Ажырасуда да əділдік сақтау керек екенін екінің бірі біле бермейді. Алла Тағала қасиетті Құранда ер азаматтарға əйелдерге əділетсіздік қылудан сақтану керектігін бұйырған.

Отбасының ішіп-жемі, киер киімі, жүріс-тұрыс сияқты жалпы шығындарының бəрін отағасы көтеруі тиіс. Бала-шағасын нəпақамен қамтамасыз етпей тұрып, қажылыққа да бейқам баруына хақысы жоқ.

Сондай-ақ, əйелін іштегі баласымен талақ беріп тастауға тиым салынған. Ажырасқан əйелімен кеткен баласы балиғат жасына толғанша көмектесіп тұруға міндетті. Негізінде əкенің парызы – перзентіне есі дұрыс есім мен дені түзу тəрбие беру, бағып-қағып өсіріп, үйлендіру.

Хақ Тағала Құранда жұбайына некесыйы ретінде не берсе де, ажырасарда мал-мүлікке таласпауын бұйырған. Сол сияқты кедейленіп қалудан қорқып, тастап кеткен отбасын ақшадан тарықтырып қоюына болмайды.

Түркістандағы “Əл-Кəусар” мешітінде облыс имамы Мұсабек Ақтамберді əділдік сақтау турасында насихат айтты. Алла Тағала жетімдердің ақысын жеуден, тілді өсектен тыйғанын жеткізді. Сол сияқты саудада адалдық сақтамайтын саудагерлердікі əділетсіздік екенін ескертті.

Бұ фəниде біреуге сақтамаған əділдік, бақилықта өзіне ғана жасаған əділетсіздік боп тиетінін ұмытпаған абзал. Өкіл имамға жамағат əсерлі уағызы үшін ризашылығын білдірді.

Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

Yassi.kz

ҚҰРАН БҰЛБҰЛДАРЫ…

Yassi.kz

ЖАНТ: ЕКПЕГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН

Yassi.kz

Пікір қалдыру