Жаңалықтар Жергілікті

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРУДІ КӨЗДЕЙДІ

Жомарттар жақсылыққа жиылса, екі дүниеде де қайырын көретіні кәдік. Алла Тағала қасиетті Құранда жақсылықтың сыйы жақсылық екенін айтқан.

Төлеби ауданының бас имамы Самат Анарбаев бастаған топ жергілікті жұртшылықты имандылық пен қайырымдылыққа шақырумен келеді. Ондағы мақсат – сауаптан шет қалмасын деген ниет.

Алла Тағала сараңдықты сүймейді, жомарттарды жақсы көреді әрі берекесін береді. Шариғатта кедейдің ақысы байларда екені айтылған.

Дана халқымыз “кең болсаң кем болмайсың” деп, аят пен хадистерді мақалдарында тарқатқан.
Біреудің бір кем дүниесін түгелдеп берсеңіз, рахатын көресіз.

Әлбетте, адам баласы күнәдан ада болса, садақа, зекет, жақсылықтың қарымын алады. Кәміл бақ пен байлыққа жету үшін мұсылманға имандылықпен қатар тақуалық керек.

Хақты таныған жандар керегін діннен табады. Дүниені ұстап тұрған – мейірімділік пен ізгілік.

Жанашырлық жоқ жерден адамгершілік айниды. Бізге жетпей жатқаны бауырмалдық жанашырлық.

Кейде қол ұшын созбақ тұрмақ, жылы сөзге сараңдық танытамыз. Ал, Абай хакім өмірдің мәнін алдымен Алланы, сосын адамзатты, одан кейін әділдікті сүюге негіздеген екен.

Адамзатты сүйе білген Алланы сүйе біледі. Дін тек жақсылықты үйретеді.

Биылдыққа бірталай жоспар бекітіліп еді. Карантиннің кесірі мешіттерге тиіп кешеуілдеп жатқан жайы бар.

Төлебиде биыл әлеуметтік көмек беру жылы жарияланып еді. Қазір бұйырғаны жоқ-жітіктерге жеткізіліп жатыр.

Ауыл имамдарына карантинге қарамастан жұмысты жүйелеу, төрт бағытты құлдыратып алмау, әлеуметтік желіні тиімді пайдалану, халал стандартты насихаттау, дәстүрлі дін аясын кеңейту, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру жайы айтылған-ды. Аудан имамы Самат Анарбаев имамдар мен жамағаттарды сынақтардың жеңілдігін бір кісідей тілеуге шақырады.

Алла Тағала қасиетті Құранда дін насихатшыларын тыңдауға бұйырған, елемегендерге қатаң Ескерткен. Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафаның с.а.у пенде жер бетінде күнәсіз жүрмейінше, сынақтан көз ашпайтынын айтқанын еске саламыз.

Апат – садақадан оза алмайды. Алланың ашуын садақа қайтарады.

 

Төлеби аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу