Жаңалықтар Жергілікті

ҚҰЛАП ҚАЛДЫ…

Дін қызметкерлері әр бес жыл сайын аттестаттаудан өтеді. Бұл білімділік пен біліктілікті шыңдау үшін қажет.

Түркістан облысы бойынша мерзімі жеткен және жұмысқа жаңадан кіріскен имамдар мен ұстаздар сынақ тапсырды. Аттестаттауға 76 қызметкер қатысып, оның төртеуі құлап қалды.

Атап айтсақ, Сайрам ауданынан – 10; Ордабасыдан – 2; Төлебиден – 5; Түлкібастан – 5; Бәйдібектен – 4; Созақтан – 2; Қазығұрттан – 5; Отырардан – 1; Келестен – 1, Сарыағаштан – 13; Жетісайдан – 7; Мақтааралдан – 10; Түркістан қаласынан – 4; Кентаудан – 3; Арыстан – 1 адам қатысты. Сарыағаштан екеу, Жетісай мен Мақтааралдан бір-бір үміткер сынақтан өте алмады.

Жалпы сараптауға қатысқандарға білім деңгейін көтеру керектігі ескертілді. Аттестаттау ҚМДБ Төрағасының кеңесшісі Балтабай Мекежанов пен Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбеттің бақылауымен өтті.

Түркістан облысында діни кадрларға сұраныс жоғары. Жүзге жуық жоғары білімді имам қажет.

Кадрлық тапшылық ДСАК бөлімінде де бар. Барлық дерлік мешітке ұстаздар керек.

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу