Жаңалықтар Жергілікті

Күн суыса да…

Арқадағы аяздың салқыны түстіктегі Түркістан облысына да тиіп, күн суытып сала берді. Нөсерлеп жауған жаңбыр, жерді жібітіп жатыр. Жұртшылық түйіндеп қалған жемістер желдің екпінімен үзіліп түспеуін тілеп жүр.

Десе де жер тоймай, ел тоймайды. Тасаттық рәсімі жер-жерде жалғасуда. Кентау қаласына қарасты Шербұлақ ауылы “Иман Нұры” мешітінде де өтті.

Алла Тағаланың разылығы үшін құрбандыққа мал шалынып, Құран оқылып, 200 адамға ас берілді. Шарапаты мол шүкіршілікті істі мешіт имамы Қырқынбай Күмісбаев ұйымдастырды. Жиынға көрші ауылдан да қонақтар қатысып, көпшіліктің көл тілеуіне ортақтасты.

Кентау қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу