Жаңалықтар Жергілікті

КУӘ БОП…

Шардара аудандық орталық мешіті күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Биылға тек сыртын реттеу жоспарланған.

Отыз жылдан бері тозып кете жаздаған ғимараттың ішін де, сыртын да жөндеу аз жұмыс болмайын деп тұр. Қазірдің өзінде 4 млн 500 мың теңге жұмсалды.

Есесіне, Алланың үйінің реңі кіріп келеді. Аудан имамы ауысқалы ауыз толтырып айтарлық жаңалықтың бастысы осы.

Шардараға іс-сапармен барған облыс имамы бастаған аудан имамдары игі іске куә боп, қуанып қалды. Еркебұлан Қарақұлов аудан имамы Марат Асановқа да, жақсылыққа жұмылған жомарттарға да ризашылығын білдірді.

Ішкі жөндеу жұмыстарына атсалысатын азаматтарды шақырамыз. Алла Тағала баршасына разы Болсын, қайыры мен берекесін Берсін!

Шардара аудандық орталық мешіті

Пікір жазу