42.3 C
Turkestan
Жексенбі / 21 Шілде 2019 / 18 Зул-Қағда 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Жексенбі / 21 Шілде 2019 / 18 Зул-Қағда 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Көгергеннің пайдасы…

Адам баласы үшін ағарған сияқты әншейін өсіп тұрғандай боп көрінгенімен көгергеннің де пайдасы бар. Көк шөптер, ну орман, бау-бақшадағы ағаштар ауаны ластан тазартып тұрады.

Бұл іске шариғат аса мән береді. Пайғамбарымыз с.а.у:«Кімде-кімнің қолында бір құрма ағашының көшеті (тал шыбығы) болса, соны қиямет қайым басталып кетсе де дереу отырғызып үлгерсін» – деген.

Бұл хадисті кең ауқымда түсініп, амал қылған жөн. Ата-бабаларымыз айтқандай балаларымызға тал қалдырғанның сауабы мол.

Жетісай аудандық орталық “Нұғман” мешітінде биыл да көгалдандыру қарқынды жүргізілуде. Мәуе ағаштары отырғызылды.

50 мың теңгеге көздің жауын алатын әртүрлі гүлдердің көшеті көрші елден әкелінді. Мешіт ауласының сәнін келтіріп тұр.

Алланың үйінің әсемдігі мен мұнтаздай таза болуы жамағат жылуына да ықпал етеді. Абаттандыруға атсалысқан жомарт жандарға жәннаттық бақтарын тілейміз!

Жетісай аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ҚҰДЫҚ ҚАЗУДЫҢ САУАБЫН АЛАТЫН АДАМ КЕРЕК…

Yassi.kz

БІР ШЕГЕСІН ҚАҚСАҢЫЗ ДА…

Yassi.kz

Арыс: САРЫАҒАШТЫҚТАРДЫҢ СЕПТІГІ (ЕСЕП)

Yassi.kz

Пікір қалдыру