Жаңалықтар Жергілікті

ӘКІМДІКТЕН БІР КӨМЕК…

“Әкім бол, халқыңа жақын бол” деген. Қарапайым халыққа жақын жүрудің қайыры мол екенін Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа (солләл-лаһу ъалейхи уәс сәлләм) ескерткен.

Мақтаарал ауданының атқамінерлері жергілікті жұртшылыққа жанашыр. Игі жақсылары жабылып жүріп, талай отбасын баспаналы етіп келеді.

Бұл жолы ҚМДБ ұйымдастыруымен өтіп жатқан “Берекелі Рамазан” марафонына өз үлесін қосты. Аудан әкімдігінің қолдауымен 70 отбасыға азық-түлік берілді.

Аудан имамы Мансұр Аймұхаммедов әкімдік ұжымына ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, берекесін Берсін!

Мақтаарал аудандық орталық мешіті

Пікір жазу