Жаңалықтар Жергілікті

КЕЗЕКШІЛЕР КҮЗЕТЕДІ

Биыл құрбандыққа шалуға онлайн тапсырыс қабылданып, мал соятын арнайы орындар дайындалып жатыр. Қасапханалар санитарлық талаптарға сай болуы тиіс.

Яғни, өткір пышақтан бастап, тоңазытқышқа дейін барлық сайманы түгел болуы керек. Ал, қасапшылар айт күндері маска тағып, қолғап киіп жұмыс істейді.

Құрбандық малын сатып алу үшін ҚМДБ ұсынған бағаның көлемінде ақшасын Qurban2020.kz сайты арқылы тапсырыс беруге болады. Құрбандық шалу айттың соңғы күніне дейін жалғасады.

Кентау қаласы бойынша 4 уақ малға тапсырыс беріліпті. Ал, етке онлайн өтініш білдіргендер саны – 82.

Бүгін қаланың наиб имамы Дастан Құрбанқұлов бастаған комиссия қасапханаға барды. Жай-күйін байқап, санитарлық талаптардың сақталуын кезекші күзететінін ескертіп қайтты.

Шамасы жететін мұсылманға құрбандық шалу – уәжіп. Оның сауабы шалушының өзіне қияметте шарапат етеді.

Құрбандық малын тек Рахманның разылығы үшін ниет етіп шалу міндет. Басқадай ниетпен шалынған құрбандықтың қабыл, етінің адал болмайтыны шариғатта айтылған.

Кентау қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу