Жаңалықтар Жергілікті

Кентау: ДОС БОЛДЫ…

Кентаудағы “Балаби қари” Құран жаттау орталығында тұрақты 50 шәкірт бар. Бұдан бөлек, қазір жазғы маусымда “Балаби қари” мешітінде 60 бала діни сауат ашу курсында оқып жүр.

Мешіт пен медресенің шәкірттерін таныстыру әрі ауызбіршіліктерін арттыру мақсатында спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды. Ұзын-ырғасы жүзден аса ер балалар жылдамдыққа жүгіру, теннис, күрес, қаппен секіру сияқты тағы басқа сындардан өтті.

Балалар дән риза болды. Мешіт пен медресе шәкірттері арасында ынтымақтастық орнағанына ұстаздары да қуанып қалды.

Бір қауым жамағат жетіліп келеді. Алла Тағала білімге құштарлықтарын арттырсын!

Кентау қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу