Жаңалықтар Жергілікті

КЕЛЕСТІК КЕЛІНШЕКТЕР…

Айлардың сұлтаны – Рамадан тәмам. Көпшілік қасиетті айда көбірек сауапқа кенелгісі келеді.

Рамаданда оразадан бастап Рахманның разылығын үшін атқарылған амалдардың барлығы мол сауапты болады. Тек ауыз бекітіп қоймай, ауызашар беруге, пітір садақасын төлеуге, қайырымдылық жасауға асығатындар көбейіп келеді.

Солардың бірі әрі бірегейі Абай ауылының иманды қыз-келіншектері. Рамадан айында Құран қатым етті.

Қадір түніне орайластырып қайырымдылық жасады. Жесір аналарға, жалғызілікті қарттарға азық-түлік таратты.

Әр қорапта: құрма, ұн, май, шай, күріш, макарон, тұз, құмшекер, кәмпит, печенье бар. Келес аудандық орталық мешітінің жамағаты атқарды.

Сондай-ақ, 60 адамға ауызашар дастарханы жайылды. Жалғызбасты, жалғызілікті аналар да шақырылды.

Ас басында апалар жарамазан айтып жарысты. Сұрақ-жауап ойыны өтті.

Үлгілі істер жалғасын табады. Алла Тағала келестік келіншектерге разы Болсын, қабыл Етсін, қайырын Берсін, екі дүниеде де бақытты Қылсын!

Пікір жазу