-1.6 C
Turkestan
Сәрсенбі / 20 Ақпан 2019 / 15 Жумад ас-сәни 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 20 Ақпан 2019 / 15 Жумад ас-сәни 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Келес: Жамағат риза…

Өкіл имамның тікелей тапсырмасымен аудандар арасында тəжірибе алмасу жүріп жатыр. Игі бастаманы жамағат қуана қабылдады. Имамдардың кезек алмасып насихат айтуын құп көріп, мешіттерге көптеп жинала бастады.

Келес ауданы Абай ауылындағы “Араншы ата” мешітінде Сарыағаш ауданының бас имамы уағыз айтты. Тақырып ауызбіршілікке арналды. Берік Қалдаров жамағатқа бүлікшілердің дүниені дүрліктіргендей күнəға бататынын, Алла Тағаланың адамзатты тек қана бірлікке, татулыққа бұйырғанын ескертті.

Ал, Келес аудандық орталық мешітінің наиб имамы Өмірзан Арыстанов тəубе етудің пайдасын қозғады. Тəубесін кешіктірмеген жан Алланың кешірімі мен кеңшілігіне кенеледі. Тəубе ету үшін ауыр күнəға бату міндет емес. Елемес күнəлар жиыналып таудай болатынын айтты.

Дастархан басында имамдармен рухани əңгіме ұйымдастырған мешіт молдасы Ержан Əлібековке жамағат риза болды. Ауыспалы тәртіппен уағыздар көбінісе Ақшам мен Құптанның арасында айтылады.

Келес аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Шәкірттерді қызметке шақырды

Yassi.kz

Түркістан облысында аттестаттау басталды

Yassi.kz

Зекетін бөліп берді…

Yassi.kz

Пікір қалдыру