42.3 C
Turkestan
Жексенбі / 21 Шілде 2019 / 18 Зул-Қағда 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Жексенбі / 21 Шілде 2019 / 18 Зул-Қағда 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Келес: БІТПЕЙТІН БІЛІМ…

Дін – бір оқығанмен тоқмейілсуге келмейтін ілім. Дін қызметіндегі адам өмір бойы білім ізденіп жүруі тиіс.

Әсіресе, фикһ мәселелерін жетік меңгеруге міндетті кезеңде тұрмыз. Қоғамдағы келеңсіздіктер мен отбасыдағы олқылықтар әркім өз міндеттерін шариғат тұрғысынан жіті түсінбей түзелмейді.

Әрісін айтуға қорқынышты, қарапайым адамгершіліктен қалып барамыз. Жемқорлық, зорлық-зомбылық, ұрлық-қорлық, алдау-арбау, ажырасу, бала тастау, зинақорлық деген сықылды күнә жайылып кетті.

Имамдар мұны тежеуге ықпал етуі керек. Дін қызметінің негізгі міндеті – насихат.

Мешітке келмейтін адамдарды имандылыққа, дәстүрлі дінді ұстануға қалай тартамыз? Бүгін Келес ауданының имамдары мен молдаларының кезекті семинарында осы сұраққа жауап іздеп көрдік.

Дін қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін арттыру тақырыбындағы кеңеске “Әзірет Сұлтан” мешітінің ұстазы Дінмұхамед Сманов арнайы қатысты. РАНТ мүшесі келестік әріптестерімен білгенімен бөлісті.


Келес аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ҚҰДЫҚ ҚАЗУДЫҢ САУАБЫН АЛАТЫН АДАМ КЕРЕК…

Yassi.kz

БІР ШЕГЕСІН ҚАҚСАҢЫЗ ДА…

Yassi.kz

Арыс: САРЫАҒАШТЫҚТАРДЫҢ СЕПТІГІ (ЕСЕП)

Yassi.kz

Пікір қалдыру