Жаңалықтар Жергілікті

КЕДЕРГІ КЕЛТІРМЕЙДІ…

Жер бетіндегі ең таза орындар мешіттер болса да, қадірін білмейтіндер аз емес. Алла Тағала қасиетті Құранда мешіттерді жабуға немесе жұмысына кедергі келтіретіндерді ауыр азап күтетінін ескерткен.

Алланың үйлерінің барына шүкіршілік ету керек. Жер беті мешіттер мен иманды жұрттардың шапағатымен аман тұр.

Қандай да бір апат орын алғанда, аман қалатын тек мешіттер екенін ұмытпайық. Қасиетті Құранда Алла Тағала мешіт салуға, дінге жәрдем беруге бұйырған.

“Естемес ата” мешітінің алдынан автотұрақ ашылды. Атбұлақ ауылының бір азаматы 650 шаршы метр жерге өз қаражатына асфальт төсетіп берді.

Ауыл имамы демеушіге ризашылығын білдірді. Алла Тағала разы Болсын, қабыл Етсін, қайырын Берсін!

Қазығұрт аудандық орталық мешіті

Пікір жазу