Жаңалықтар Жергілікті

КЕДЕЙЛІКТІҢ БЕЛГІСІ…

Сараңдық пен ашкөздік кедейліктің белгісі. Сараңдар бұ дүниеде бай болғанымен, ақыретте жақсылыққа жұмсамаған байлықтың сауабынан мақұрым қалады.

Алла Тағала сараңдарды да, ашкөздерді де ұнатпайды. Жақсылық жасаушыларға он жақсылық жазылады, тек міндетсінбесе игі.

Барлық ризықтың Иесі Алла Тағала адал еңбекпен нәпақа тауып, жомарттық жасауға бұйырған. Бәрі де сауапты әрі қайыры мол әрекеттер болғандықтан, шариғатта сараңдық пен ашкөздік құпталмайды.

Садақаны нақты бір күні немесе тек басқа іс түскенде беру шарт емес. Кез-келген уақытта әрі сау кезде берген абзал.

Кімде-кім ақыретті ойлап Аллаға жақын болса, дүние оның соңынан жетіп тұрады. Ал, кімде-кім Алланы ұмытып дүниені артық көрсе, өзін қайыры жоқ бос әуреге салады.

Хадистерде ондай адамдар тағдырына жазылған табыстан артық ешнәрсе таппайтыны айтылған. Ал, Алла Тағала тіршілік те етіп, құлшылықты артығымен орындайтындарға, тек өзінен жәрдем тілейтіндерге, шүкіршілік етіп жүретіндерге ризық-несібесін үйіп-төгіп береді.

“Ас-Саттар” мешітінде он отбасыға қайырымдылық жасалды. Бір айлық азық-түлік қорабы таратылды.

Мешіт имамы қол ұшын созған азаматтарға ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, қабыл Етсін!

Мақтаарал аудандық орталық мешіті

Пікір жазу