Жаңалықтар Жергілікті

КӨРГЕНСІЗДІК НЕДЕН?

Әкеге қарап ұл өсіп, оқ жонады, шешеге қарап қыз өссе тон пішеді. Балапан ұяда не көрсе соны іледі.

Демек, бүгінде көптің көңілін күпті еткен көргенсіздік отбасыдағы тәрбиеден. Әлбетте ешбір ата-ана өз баласын “жаман болсын” демейді.

Алайда, баланың алдында өздерін дұрыс ұстамайтын, жөн сөз айтпайтын, тура тәрбие бермейтіндер де бар. Одан қалса перзентін тоқпақтап, балағаттап, қарғап-сілеп өсіретіндер де жоқ емес.

“Адам болмайсың, оңбайсың” деп сөксеңіз, ол бала қайдан оңып, қайдан адам болсын. Сол себепті де ұлт зиялылары баласы жақсы адам болсын деген ата-аналар алдымен өздерін тәрбиелеуге үндеген.

Ал, шариғат бойынша ата-аналар балаларына ең бірінші имани тәрбие беруі шарт. Алланың алдында екі дүниеде де жауапты болады.

Кентаудағы №17 мектебінде ұрпақ тәрбиесі жөнінде жиналыс өтті. Қалалық мешіттің көмекші қызметкері Мухамеджан Мамонов тәрбиенің жақсысын насихаттады.

Кентау қалалық орталық мешіті

Пікір жазу